Ағымдағы жылдың 14-22 мамыр аралығында Нормандияда (Франция) Дүниежүзілік XIX жазғы Гимназияда өткен болатын.
Әлемнің үздік мектеп командаларының қатысуымен өткен Халықаралық спорт додасында қазақстандық оқушылар жазғы спорт түрлері бойынша еліміздің намысын қорғап, халықаралық спорттық сайыс алаңынан мол тәжірибе жинап, мектеп спортшыларының дауына үлес қосты.
Дүниежүзілік XIX жазғы Гимназиядаға Қазақстандық балалар 18 спорт түрінен бірінші рет қатысып, 85 медаль( 32- алтын, 32-күміс, 12-қола) иеленді.
Бұл аталған Гимназиядаға Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 2 курс студенті Адишева Анита Аманбайқызы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленіп қайтқан болатын.
Осыған орай Қазақстан Республикасы минситрлігі тарапынан ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Дүниежүзілік XIX жазғы Гимназиядаға қатысқан спортшыларды марапаттау үшін іс-шара ұйымдастырылды. Гимназияда жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 2 курс студенті Адишева Анита Аманбайқызы қатысып қайтты. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының премьер-министрі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
Осы орайда, Жезқазған қаласының спорт саласына өз үлесін қосып, жастарды спортқа баулып жүрген Жезқазған қаласының мәслихат депутаты Балмағанбетов Саят Сәбиұлына және Адишева Анитаның бапкері Сайдалин Айдарға өз алғысымызды білдіреміз!
Жаңалық
XIX Жазғы гимназияда
2022 ж. 16 маусым
Колледж Әкімшілігі
Медиа жаңалықтар
1 из 5