Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры - білім алушылардың білім меңгеруі, шеберліктер мен құзыреттерін қалыптастыруы бойынша қызметін ұйымдастырудан; шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру және дамыту, зияткерлік, адамгершілік және дене бітімін жетілдірудегі, денсаулықты нығайтудағы, бос уақытын ұйымдастырудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін педагогикалық жағдай жасаудан; оқушылардың бастауыш жалпы білім берудің білім бағдарламаларын меңгеруде нормативтік белгіленген нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуден тұрады.
Жас бастауыш білім берудің қолданбалы бакалаврының орташа жалақысы 60-100 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент әлемдік мәдениеттің базалық құндылықтарын білуі, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын түсінуі тиіс, белсенді азаматтық ұстанымына және өзіне-өзі баға беру дағдысына ие болу керек, сондай-ақ математика, география, биология, тіл саласында базалық білімі болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 4-5 жыл.
Осы саланың маманы командада жұмыс істей білу керек, өзін-өзі ұйымдастыру және өздіген білім алу қабілетіне ие болуы тиіс, сондай-ақ шығармашыл, белсенді болуы керек және балаларды жақсы көруі міндетті.
Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Педагогикалық білім берудің қолданбалы бакалавры (Бастауыш білім беру бейіні) біліктілігін иеленген түлек бастауыш білім беру бакалаврының кәсіби қызметінің негізгі түрлерін орындауға, бастауыш жалпы білім беру мекемелерінде кәсіби міндеттерді шешуге дайын болады, атап айсақ:
- білім алушылардың оқу қызметін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған заманауи психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, бастауыш жалпы білім берудің білім бағдарламаларын оқу процесінде іске асыру;
- бастауыш мектеп оқушыларын оқу қызметінің бастапқы кезеңіне бейімдеу мақсатында қолайлы жағдай туғызу;
- оқу қызметін қалыптастыру процесінде бастауыш мектеп оқушыларының зияткерлік, тұлғалық және адамгершілік қабілеттерін дамыту;
- жас ерекшелік нормаларын ескере отырып, білім алушыларды дамыту мақсатында педагогтармен, білім беру мекемесінің әкімшілігімен және ата-аналармен өзара әрекеттестік орнату;
- бастауыш мектеп оқушыларында негізгі жалпы білім берудегі білім бағдарламасын меңгеруге дайындауда қажетті нәтижеге қол жеткізуде оқу-танымдық мотивациясы мен оқып үйрене алу қабілетін қалыптастыру.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуын аяқтағаннан кейін университетте оқуын жалғастыруға болады, университеттің ерекшелігіне қарай оқуды 2-ші курстан бастап жалғастыру мүмкіндігі бар.
Бастауыш білім беру мұғалімі - өте қажетті және маңызды мамандық болып саналады. Бұл мамандық қаржылық артықшылықтан басқа (біліктілігін арттыру кезінде және еңбек өтілі артқан сайын мұғалімнің жалақысы артады), жұмыс нәтижесінен, оқушылардың жетістіктерінен және ата-аналардың қолдауынан туындайтын қанағаттанушылық сезімін сыйлайды - бұлар осы бағыттағы жұмысты атқаруда айтарлықтай маңызды құндылықтар болып саналады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек