Аудармашы - ауызша немесе жазбаша мәтінді басқа тілге аударатын маман.
Аудармашы шетел азаматтары үшін мәдени-тарихи орындарға экскурсияларды ұйымдастырумен және өткізумен, шетел азаматтарының елге сапары кезінде оларға ілесіп жүру, шетел азаматтарының орналасуы мен мекенденуіне көмек көрсетумен айналысады. Сондай-ақ презентацияларда, іскерлік кездесулерде аударма жасайды, шетелге сапар кезінде орыс тілді топтармен бірге ілесіп жүреді, техникалық және көркем әдебиетті аударады, оқытушылық қызметпен де айналысады.
Аудармашы міндетіне мыналар жатады:
Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 75-100 мың теңгені құрайды.
Ойдағыдай білім алу үшін студентте шет тілін меңгерудің базалық деңгейі, ДК-ның сенімді пайдаланушысы болуы керек.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Табысты жұмыс істеу үшін маманға мынадай жеке қасиеттер қажет: коммуникабельділік, лингвистикалық қабілеттер, ұзақ мерзімді есте сақтай алу қабілеті, аналитикалық ойлаудың жоғары деңгейі, ұқыптылық, зерделілік, шыдамдылық.
Бұл мамандықтың артықшылығы - аудармашылар арнайы бағдарламаларды жиі қолданады, шетелдік университеттерден гранттар мен стипендиялар алады, өйткені олар тілді жақсы меңгерген және тестілеуден сәтті өтеді.
Жас маманға түсінушілік дәлділігі жоғары және мінсіз сауатты болуы маңызды. Тіл өте жылдам өзгеріске ұшырап отырады, сондықтан үнемі біліктілігікті арттырып отыру қажет.
Мамандықтың кемшілігі - жұмыстың бірсарынды болуында. Қай жерде жұмыс істесеңіз де, сіз үнемі мәтіннің жазбаша немесе ауызша түріндегі үлкен көлеміне тап боласыз. Егер сіз тілдерді жақсы көріп, адамдар арасындағы коммуникация мен тілдік байланысты орнатуға өміріңізді арнауға дайын болсаңыз, онда осы мамандық сізге арналған.
Кәсіп өзекті және сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек