Техник-механик автомобиль көлігін пайдалану саласында кең бейінді маман болып табылады. Техник-механик өз дайындығына сәйкес өндірістің бастапқы буындарын басқару, техникалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы күрделі техникалық жүйелерді пайдалану сияқты кәсіби қызмет түрлерін орындай алады.
Қауіпсіздік техникасының ережесін, жөнделетін жабдықтың, күш беретін қондырғылардың, агрегаттар мен машиналардың жұмыс қағидалары мен оларды орнатуды, өңделетін материалдардың, жемірілуге қарсы жақпамай мен майлардың қасиеттерін, тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін, тораптар, механизмдер мен жабдықтарды жөндеуден кейін сынамадан өткізу, реттеу және қабылдауға арналған техникалық шарттарды білуі тиіс. Математика, физика және сызу бойынша білімі болуы қажет.
Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100 мың теңге аралығында.
Жас маман клиенттермен жұмыс істеуде тәжірибесінің болмауы, шешуді талап ететін даулы мәселелер сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Жоғары жауапкершілік туралы естен шығармаған жөн.
Техник-механика мамандығы қазіргі технологиялық прогресс әлемінде кең бейінді, сондықтан ол өте танымал. Техник-механик дене төзімділігі мен күш, көзінің көруі мен көз өлшемінің жақсы болуы, қол мен саусақтар қимылының дәлдігі мен оларды үйлестіре алуы, бұлшықет және есту сезімталдығының өткірлігі, жақсы бейнелі және жедел есте сақтау, техникалық интеллект, зейіннің жоғары деңгейі мен оны бөлу, сондай-ақ байқампаздық, шыдамдылық, тәртіптілік пен жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерге ие болуы керек.
Бұл біліктіліктің артықшылығы қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болуында. Сондай-ақ түрлі қызметті жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу мен диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Кемшілігі бұл жұмыс жоғары дене төзімділігін қажет етеді және денеге шамадан тыс шу, химиялық әсер, май, бензин және т.б. иістердің болуы адам ағзасына жағымсыз әсер етеді.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек