Техник-электриктер электр техникасы, сондай-ақ электр жабдығын, электр энергиясын тарату құралдары мен жүйелерін жобалау, дайындау, монтаждау, салу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы техникалық тапсырмаларды орындайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− жаңа электр техникалық жабдық пен құрылыстарды зерттеу және әзірлеу немесе олардың қолданыстағы аналогтарын тестілеу процесінде техникалық көмек беру;
− берілген техникалық параметрлерге сәйкес электр қондырғыларының сызбалары мен схемаларын жобалау және дайындау;
− белгіленген техникалық параметрлерге сәйкес жабдықты шығару мен монтаждау үшін қажетті материалдық және еңбек шығындардың саны мен құнының толық бағалауларын дайындау;
− электрлік жүйелерді және ерекшеліктер мен қағидаларға сәйкес қанағаттанарлық жұмысын қамтамасыз етуге арналған жабдықты дайындау, монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету мен жөндеуге техникалық бақылауды қамтамасыз ету;
− жаңа электрлік жабдық пен жүйелерді орнату әдістерін жоспарлау, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін орнатудың аяқталғандығын тексеру, бастапқы іске қосуды бақылау немесе жүзеге асыру;
− қағидаларға және жұмыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкес электр техникалық жабдық пен қондырғыларды монтаждау, іске қосу, тестілеу, салыстыру, жетілдіру және жөндеу.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек