2022 жыл "Балалар жылы" аясында Жезқазған қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "3" ЖББОМ Жезқазған қаласының мектептерінің ата-аналары үшін "Ата-аналар" форумы өтті. Форумға барлық мектептің бітіруші түлектері және ата-аналары қатысты. Басты мақсаты 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және 9 сынып аяқтаған оқушыларға болашақта мамандық таңдау бағытына көмек көрсету үшін қаламыздың кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары шақырылған. Бұл форумға Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің қабылдау бөлімінің қызметкерлері Токирова Ж.А. және ПЦК меңгерушілері мен студенттері барып қатысты.
Бағдарлама қаладағы оқу орындарының көрмесімен басталып, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі ата-аналар мен талапкерлерге бағыттар, мамандықтар туралы және қабылдау ережелері туралы толық ақпарат берді.
Іс шара
АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
2022 ж. 16 маусым
Колледж Әкімшілігі
Медиа жаңалықтар
1 из 8